Жаңалықтар

Студенттер қыркүйекте онлайн оқиды

Студенттер қыркүйекте  онлайн оқиды

Еліміздегі жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері (медициналық бағыттағы мамандықтардан басқа) 1–15 қыркүйек аралығында қашықтан білім алады, деп хабарлайды KazFace.kz.

Бұл туралы ҚР ғылым және жоғары білім министрлігінде хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, мұндай шешім 2025 жылғы 25 тамызда министрлер кабинеті төрағасының төрағалығымен өткен кеңес хаттамасына сәйкес қабылданған.

«Аталған уақытша шара елордада өтетін бірқатар халықаралық іс-шараларға, сондай-ақ жол жөндеу және құрылыс жұмыстарына байланысты енгізілді. Оның басты мақсаты – студенттер, оқытушылар және қала тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасау», – деп атап өтті министрлікте.