Билік

Президент: «Салықтан түскен әр теңге халықтың игілігіне жұмсалуға тиіс»

Президент: «Салықтан түскен әр теңге халықтың игілігіне жұмсалуға тиіс»

Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауында мемлекеттік кірістер комитеті жасанды интеллект пен озық технологияларды енгізіп, бизнеске кедергі келтіретін бюрократиялық рәсімдерді қысқартуы тиіс екенін баса айтты, деп хабарлайды KazFace.kz.

Президент жаңа cалық кодексі ашықтық пен адалдыққа негізделген жаңа салық мәдениетін қалыптастыруы қажет екенін айтты.

«Мемлекет адал жұмыс істейтін салық төлеушілердің мүддесін қорғайды. Салықтан түскен әр теңге халықтың игілігіне жұмсалуға тиіс», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұл қаражат ең алдымен инфрақұрылым салуға, әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыруға, денсаулық сақтау мен білім беру сапасын арттыруға, жолдар мен коммуналдық жүйелерді жаңғыртуға бағытталатынын атап өтті. Сондай-ақ азаматтарға сапалы мемлекеттік қызмет көрсету – басты міндет екенін қоса айтты.

Сонымен қатар gрезидент даму институттарының жұмысын қайта құру қажеттігін, олардың нақты салаларға инвестиция салып, терең талдау жүргізетін толыққанды құрылымға айналуы тиіс екенін атап өтті.