Билік

Туризм және спорт саласында заңбұзушылар анықталды

Туризм және спорт саласында заңбұзушылар анықталды

Туризм және спорт министрлігі 17 млрд теңгеге жуық қаржының тиімсіз жұмсалуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды KazFace.kz.

Анықталған негізгі заңбұзушылықтар:

  • Қаржылық заңбұзушылықтар – 348 млн теңге;
  • Тиімсіз жоспарлау – 2,8 млрд теңге;  
  • Қаражатты тиімсіз пайдалану – 13,7 млрд теңге.

Жалпы 17 млрд теңгеге жуық сома бойынша заңбұзушылық тіркелген. Аудит 2021 жылғы қыркүйектен 2024 жылғы желтоқсанға дейінгі кезеңді қамтыды.

Министрлік не істеп жатыр?
    •    2025 жылғы 16 маусымда «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңға өзгерістер енгізіліп, қаржыландыруға лимиттер қойылды.
    •    ЖАП-пен бірлескен іс-шаралар жоспары әзірленді. Ол басқарушылық және құқықтық шараларды қамтиды.
    •    Бірқатар бұзушылықтар жойылды, құқық қорғау органдарымен бірлесіп тергеу жүріп жатыр.
    •    Сыйақы мәселесі де назардан тыс қалмады: 2021–2024 жылдары Спортты дамыту дирекциясының қызметкерлеріне 3,5 млрд теңге сыйақы төленген. Орташа есеппен бір адам жылына 7,7 млн теңге сыйақы алған. Бұл дерек бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.

Министрлік аудитті ашықтық пен тиімділікті арттыру құралы деп санайды және алдағы уақытта мұндай заңбұзушылықтарды болдырмауға уәде беріп отыр.