Жаңалықтар

Қазақстан мен Қытай бірлескен алғашқы телехикая түсіріп жатыр

Қазақстан мен Қытай бірлескен алғашқы телехикая түсіріп жатыр

Қытайда Қазақстан мен Қытайдың бірлескен алғашқы телехикаясының түсірілімі басталды.Телехикая  «Іледе күтемін…» деп аталады, деп хабарлайды KazFace.kz.

Қыркүйек айынан бастап түсірілім жұмыстары  Алматы облысында жалғасады. Жоба «Жетінші арна» мен Қытайдың Шыңжаң мемлекеттік телерадио хабар тарату желісінің бірлесуімен жүзеге асуда.

Сегіз бөлімнен тұратын драмалық туынды қытайлық зергер қыздың тағдыры туралы баяндайды. Басты рөлдерді қазақстандық актриса Аружан Бекболат пен этникалық қазақ актері Цзян Ихао (Айкэн) сомдайды. Сонымен қатар Лидия Кәден, Дария Жүсіп сынды актерлер қатысады.

Продюсер Үміт Еркіннің айтуынша, хикаяда Іле мен Алматының сұлулығы, көпұлтты мәдениет пен жастарға жаңа мүмкіндіктер көрсетіледі. Сондай-ақ Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режимнен кейін артқан мәдени-экономикалық байланыстар да көрініс табады.

Телехикая 2026 жылы «Жетінші арнада» және Қытайдың жетекші телеарналарында көрсетіледі. Авторлар бұл жобаны екі ел арасындағы мәдени ынтымақтастықтың жаңа кезеңі деп санайды.