Спорт әлемі
2-го сентября 2025 г. 23:40
Қазақстан теннисінде жаңа есім жарқырай бастады. 17 жастағы Заңғар Нұрланұлы АҚШ ашық чемпионатының жасөспірімдер жарысында сенсация жасап, үшінші айналымға шықты, деп хабарлайды KazFace.kz.
Заңғар әлемнің үздік жас теннисшісін жеңді. ITF Juniors рейтингінде 54-сатыда тұрған ол екінші айналымда әлемдік рейтингте 13-орындағы поляк Алан Важныны 6:4, 6:4 есебімен ұтты. Бір жарым сағатқа созылған ойында қазақстандық спортшы қарсыласынан айқын басым түсті.
Енді Заңғар ширек финалға шығу үшін финляндиялық Оскари Полданиуспен кездеседі.