Қоғам
14-го августа 2025 г. 21:46
Machine Intelligence Research Institute директоры жасанды интеллекттің кесірінен адамзаттың жойылып кету қаупі 95% деп бағалады, деп хабардайды KazFace.kz.
Google мен Microsoft-тың бұрынғы инженері Нейт Соарес, егер қазіргі даму бағыты өзгермесе, жасанды интеллекттің (ЖИ) дамуы салдарынан адамзаттың жойылып кету ықтималдығы кемінде 95% екенін мәлімдеді.
Оның айтуынша, болашақта адамдар өз әрекетін толық түсінбей-ақ аса зияткер компьютерлер жасай алады. ЖИ ұйқы мен тамаққа мұқтаж емес, білімді бірден келесі буынға жеткізе алады және адамдардан жылдамырақ ойлау қабілетіне ие болуы мүмкін. Бұған дейін OpenAI, DeepMind, Meta және Anthropic мамандары ЖИ-дің басқарылмай кету қаупіне алаңдаушылық білдірген еді.