Семейде Достық үйінің құрылысы басталды

Абай облысында Абайдың 180 жылдығына орай мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен «Абайға құрмет» акциясы өтіп жатыр. Бүгін онкүндіктің тоғызыншы күнінде акция аясындағы алғашқы нысан – Маңғыстау облысы салып беретін Достық үйінің іргетасы қаланды, деп хабарлайды KazFace.kz.
Жаңа 3 қабатты мәдени кешен 75 мың тұрғынға арналған «Semey Smart City» ауданында бой көтереді. Мұнда этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық ұйымдарға арналған кітапхана, қолданбалы өнер мұражайы, фотозертхана, шеберханалар, кинозал және конференция залдары болады.
«Достық» үйі екі аймақтың бауырластығы мен ұлттық бірліктің нышанына айналады. Батыс пен шығыс алшақ жатса да, ниеті ортақ, тілеуі бір екенін бүгін көрсетті”, – деді облыс әкімі Берік Уәли.
Сондай-ақ, алдағы уақытта «Абайға құрмет» акциясы аясында басқа өңірлер де Семейге бірқатар әлеуметтік және мәдени нысандар сыйға тартпақ.