Қазақстанда құмар ойындарды бақылайтын жаңа жүйе іске қосылды

Қазақстанда онлайн-ставкалар мен құмар ойындарды бақылауға арналған «Бірыңғай есеп жүейсі» платформасы енгізілді, деп хабарлайды KazFace.kz.
Жүйе ойыншылардың жасын, әлеуметтік мәртебесін тексеріп, барлық транзакцияларды тіркейді. Кәмелетке толмағандар мен мемлекеттік қызметкерлердің қатысуына тыйым салынды.
Құмар ойындарды реттеу комитетінің төрағасы Әділет Турғанбаевтың айтуынша, жүйе үш модульден тұрады: азаматтарды бақылау, заңсыз сайттарды бұғаттау және ставкаларды өңдеу. Барлық процесс мемлекеттің бақылауында болады.
Елде құмар ойындар айналымы – 1,3 трлн теңге. Онлайн-ставканы 2,5 млн адам пайдаланады. 500 мыңнан астам адам заңсыз букмекерлерде ойнайды.
Қаржылық мониторинг агенттігінің өкілі Даурен Мүліков жүйе ойынға тәуелділікті байқаса, уақытша шектеу қоятынын айтты. Бірақ жеңіп жүргендерге кедергі жасалмайды.
Биыл 200 адам лудомания салдарынан өз-өзіне қол жұмсаған. Психологтар мәселені ерте анықтап, тәуелді жандарға кешенді көмек көрсету керек дейді.