Спорт әлемі

«Ливерпуль» Жота отбасына келісімшарт сомасын толық төлейді

«Ливерпуль» Жота отбасына келісімшарт сомасын толық төлейді

Ағылшынның «Ливерпуль» клубы жол апатынан қаза тапқан шабуылшы Диогу Жотаның отбасына 2027 жылға дейінгі келісімшарт бойынша тиесілі соманы толық өтейді, деп хабарлайды KazFace.kz.

Футболшының үш баласы мен әйеліне  төленетін төлем туралы Record хабарлады. Клуб Жота киген 20-нөмірді ойыннан алып тастайтынын мәлімдеді.

28 жастағы футболшы «Ливерпуль» сапында 182 матч өткізіп, 65 гол соғып, 26 пас берген. Ол Англия чемпионатын, кубогын және екі рет Лига кубогын жеңіп алды. Сондай-ақ Португалия құрамасымен екі мәрте Ұлттар лигасының жеңімпазы атанды.

Еске салайық, Диогу Жота 2025 жылғы 3 шілде күні жол апатында бауыры Андре Силвамен бірге қайтыс болды.