Билік

Қазақстан толығымен жасанды интеллектке бет бұруы мүмкін

Қазақстан толығымен  жасанды интеллектке бет бұруы мүмкін

Президент жаңа жолдауында Қазақстан толыққанды цифрлық елге айналуы керегін атап өтті. Оған үш жыл мерзім берді, деп хабарлайды KazFace.kz.

Мемлекет басшысы қазіргі заман бұлыңғыр, тұрақсыз болса да,  бәріміз жаппай цифрландыру және жасанды интеллект дәуіріне қадам басу қажет екенін айтты. 

«Жасанды интеллектінің қарқынды дамуы қазірдің өзінде халықтың, әсіресе жастардың мінез-құлқы мен болмыс-бітіміне әсер етіп жатыр. Басқаша болуы мүмкін емес, себебі бұл үрдіс бүкіл әлемде қалыптасқан тәртіпті және адамдардың өмір сүру салтын біржола өзгертуде. Біз бұған дайын болып, батыл әрекет етуіміз керек. Әйтпесе, артта қалудың салдары өте ауыр болады», деді ол.