Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы шеңберінде Арал теңізінің құрғаған түбіне 48,7 млн сексеуіл көшеті отырғызылды, деп хабарлайды KazFace.kz.
Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев хабарлады.
Министрдің айтуынша, жалпы мемлекеттік орман қоры аумағына 1 млрд 369 млн-нан астам көшет егілген. Оның ішінде Арал өңірін көгалдандыруға ерекше назар аударылып отыр. Аймақта орман питомниктері салынып, жаңа жасыл аймақтар қалыптасуда.
«Таза Қазақстан» бағдарламасы елімізде экологиялық мәдениетті дамытып, табиғатты қорғау ісіне халықты, жастарды және бизнесті кеңінен тартуға бағытталған.