Жаңалықтар

Алматыдан Мәскеуге тікелей поездбен жетуге болады

Алматыдан Мәскеуге тікелей поездбен жетуге болады

Алматы мен Мәскеу бағытындағы теміржол қатынасы 8 жылдан кейін қайта жанданды. 26 қазаннан бастап қазақстандықтар Алматыдан Мәскеуге тікелей пойызбен бара алады, деп хабарлайды KazFace.kz ақпарат агенттігі «ҚТЖ» компаниясына сілтеме жасап.

Пойыз құрамында бір купе және бір плацкарт вагоны болады. Олар күнара қатынайды. Маршрут бойынша вагондар алдымен «Алматы – Саратов» пойызының құрамында жүріп, кейін «Дербент – Мәскеу» пойызына тіркеледі.

Алматы мен Мәскеу арасындағы тікелей теміржол қатынасы алғаш рет 2017 жылы тоқтатылған болатын. Ол кезде жолаушылар санының аздығына байланысты бағыт Саратовқа дейін қысқартылған еді. Енді қазақстандықтар Ресей астанасына ешбір ауысып мінусіз жету мүмкіндігіне қайта қол жеткізеді.