Жаңалықтар

Астанада 11 адам ұлттық және діни араздықты қоздырған

Астанада 11 адам ұлттық және діни араздықты қоздырған

Астанада жыл басынан бері ұлттық және діни араздықты қоздырған 11 адам сотталды, деп хабарлайды KazFace.kz. 

Бұл туралы қалалық прокуратура хабарлады. Ведомствоның дерегінше, сотталғандардың бірі TikTok әлеуметтік желісінде тікелей эфир кезінде өзге ұлт өкілін балағаттап, қақтығыс тудыруға тырысқан. Сот олардың кінәсін дәлелді деп танып, әрқайсына түрлі мерзімде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Барлық сот шешімдері заңды күшіне енді.

Прокуратура азаматтарды арандатушылыққа ермеуге шақырып, әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздырғаны үшін 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын еске салды.