Әлем жаңалықтары
18-го августа 2025 г. 15:53
Балауса ЖАҚСЫБАЙ
Қытайдың солтүстігінде орын алған су тасқыны 10 туристің өмірін қиды. Тағы екі адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында, деп хабарлайды KazFace.kz.
Оқиға Ішкі Моңғолия автономиялық ауданында болған. Табиғат аясында демалып, шатыр тігіп отырған туристер тасқынға тап болған. Құтқарушылар жоғалғандарды іздестіру үшін оқиға орнына 700 маман мен арнайы техника жіберді.
Өткен демалыс күндері өңірде нөсер жауын толастамай, жергілікті билік сел мен су тасқыны қаупіне байланысты «сары» деңгейлі ескерту жариялаған болатын. Кейбір ойпаң жерлерде су деңгейі бір метрге дейін көтерілген.