Сұхбат KazFace.kz

Көкшетауда балалар үйірмелері дамуда

Көкшетауда  балалар үйірмелері дамуда

Балауса ЖАҚСЫБАЙ

Осыдан төрт жыл бұрын Көкшетау қаласында балалардың шығармашылығы мен жан жақтылығын дамытуға арналған зәулім болашақ сарайы ашылды. Қазірдің өзінде жүзге жуық үйірмелері балалар үшін  жұмыс істеуде. Соның бірі әрі бірегейі ретінде деп танылған ағаш бұйымдарын жасайтын үйірме. Kazface.kz ақпараттық сайтының тілшісі жергілікті жерге арнайы барып, ағаштан бұйым жасайтын балалармен тілдесті. 

Алдымен оқырманда жалпы түсінік болу үшін ағаш ұстасы деген кім деген сұраққа жауап бере кетейік. Ағаш ұстасы-бұл ағаш өңдеу дағдыларын, шығармашылықты және практикалық оқытуды біріктіретін балаларға арналған қызықты үйірме. Мұнда жас шеберлер өз бұйымдарын жасап қана қоймай, шыдамдылық пен зейін сияқты маңызды дағдыларды дамыта алады. Ағаш ұстасы ағашпен жұмыс істеу негіздерін үйретуді қамтиды. материалды таңдаудан бастап оны өңдеуге және әртүрлі бұйымдарды жасауға дейін. Балалар құралдармен жұмыс істейді, өз идеяларын жобалауды және жүзеге асыруды үйренеді.



Жап жас ағаштың иісі мен, шеберханадағы қызу жұмыс. Балалардың қолдарынан телефон емес балға мен шеге көру көзді тойдырмай қоймайды. Біз барған күні сабаққа 10-15 жасар жасөспірімдер қатысып жатқанын байқадық. Бұл жастағы балалар үшін ағаштан ойып тұрып, бұйым жасау ерте емес пе? Қолдарынан келеді ме деген таңданған сұрағымызға жас ұстаз  былай деп жауап қатты. 

«Негізі иә сұрағыңыз орынды. Ағашты өңдеу оңай жұмыс емес. Біз бұл топ үйірмесін он бес жастан асқан балаларға арнаған едік. Кейін  одан да кішкентай балалардың ағашқа деген қызығушылығын оятқым келді. Өйткені олар осы жаста ағаштың негізін меңгеріп алса, кейін күрделі жұмыстарға яғни бояу, ағашты көркем өңдеуге көше алады.», - деді Олжас Нұрмұхамбетұлы.

«Ағаштан бұйымдар жасау тобына жаңа ғана келген Нұрдаулет есімді баламен танысып, сөзге тарттық. Бұл балалар шығармашылық орталығында көптеген топтар бар. Бірақ, соның ішінен ағаш бұйымдарын жасау тобын неге таңдадық деп сұраған едік. Бала еш ойланбастан «бала кезгі арманым өз қолымнан бір зат жасау, болашақта қазақтың аспабы домбыраны өзім жасап көргім келеді», - деді Нұрдаулет Жұмабаев.

Үйірменің тағы бір қатысушысы Саян. Ол біз барған кезде ұстазымен бірге киім ілгіш жасауға кіріскен екен. Барлық техникалық қауіпсіздік ережелерімен танысып алған олар кәдімгі шеберлерше ағашты ойып, сүргілеуде. Алтыншы сынып оқушысы ағаш ұстасы тобына мамасының кеңесімен келген. Ол болашақта ағаштан қылыш жасауды армандайды екен. 

Бұл үйірменің балаларға жастайынан берерпайдасы мол. Мәселен, құралдармен жұмыс ұсақ моториканы және үйлестіруді дамытуға көмектеседі, балалар өз идеялары мен қиялдарын білдіру арқылы ерекше бұйымдар жасай алады, бірлескен жобалар ынтымақтастық пен қарым-қатынас дағдыларын дамытуға ықпал етеді, балалар құралдар мен материалдарды қауіпсіз пайдалану негіздерін үйренеді.