Жыл басынан бері елімізде 100 мыңға жуық неке қиылды

Қазақстанда 2025 жылдың басынан бері 88 мыңға жуық неке қиылды. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды KazFace.kz
Ведомствоның дерегінше, неке саны бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр. Алматыда 14 254 жұп ресми түрде отбасын құрған. Екінші орында – Астана қаласы, онда 10 142 неке тіркелген. Үздік үштікті Түркістан облысы қорытындылап, өңірде 6 687 неке қиылған.
Сондай-ақ Шымкент қаласында 5 570 жұп, ал Қарағанды облысында 5 394 жұп некесін заңдастырған.
Мамандардың айтуынша, биыл некеге тұрушылардың белсенділігі өткен жылмен салыстырғанда тұрақты деңгейде сақталған. Көптеген жұптар неке қию рәсімін электронды үкімет порталы арқылы онлайн форматта рәсімдеуді таңдаған.
«Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы азаматтарға неке қию рәсімін жеңіл әрі жылдам жүзеге асыру үшін барлық өңірде қызметтерді цифрландыруды жалғастырып келеді.