Билік

Қазақстандық студенттер мемлекетке 5,7 млрд теңге қайтарды

Қазақстандық студенттер мемлекетке 5,7 млрд теңге қайтарды

Соңғы 11 жыл аралығында мемлекеттік білім грантын өтемей, міндетті еңбек өтеуден бас тартқан студенттер мемлекетке 5,7 млрд теңге қайтарды. Бұл туралы «Қаржы орталығы» АҚ мәлімдеді, деп хабарлайды KazFace.kz.

Осы кезеңде соттар 6 мыңнан астам шешім шығарып, білім беру шығындарын өндіріп алу туралы үкім қабылдаған. Жас мамандар заңда белгіленген міндеттемені орындамай, мемлекеттік тапсырыс есебінен оқыған оқу ақысын өтеуге мәжбүр болды.

Атап айтқанда, студенттер 5,3 млрд теңге көлемінде оқу шығындарын және 352,5 млн теңге көлемінде заңды өсімпұлды өтеген. Бұл қаражаттың барлығы мемлекеттік бюджетке аударылды.

«Сот шешімімен өндірілген немесе жас мамандардың ерікті түрде өтеген қаражаты ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті арқылы республикалық бюджетке аударылады. Кейін ол қаражат бюджет заңнамасына сәйкес пайдаланылады», – деп хабарлады «Қаржы орталығы».