Жаңалықтар

Руслан Берденов жаңа қызметке тағайындалды

Руслан Берденов жаңа қызметке тағайындалды

Экс-депутат Мәжіліс және Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Руслан Берденов Алматы қаласында жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды KazFace.kz


Ол  енді Алматыда Даму орталығының директоры қызметінде.Бұл ақпаратты қала әкімдігінің баспасөз қызметі растады.


Орталық 2008 жылы құрылған. Мақсаты – Алматының әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етіп, қала басқарудың тиімділігін арттыру және мегаполисті өмір сүруге қолайлы қалалардың қатарына енгізу.

 

Еске сала кетейік, 29 тамызда Берденов Шымкент әкімінің орынбасары қызметінен кеткен еді.