Жаңалықтар

Жомарт Ертаевтың мерзімінен бұрын босатылмайды

Жомарт Ертаевтың мерзімінен бұрын босатылмайды

Алматы облыстық соты бұрынғы «Bank RBK» кеңесшісі Жомарт Ертаевқа қатысты амнистия қолдану туралы шешімді жойды, деп хабарлайды KazFace.kz.

Алатау қалалық сотының 2025 жылғы 2 қыркүйектегі қаулысымен Ертаев жазаның өтелмеген 11 ай 16 күніне қатысты «Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты амнистия туралы» Заңның 3-бабы 6-тармағына сәйкес босатылған еді.

Алайда апелляциялық сот құжаттардағы заңдық қайшылықтар мен мерзім есептеуіндегі алшақтықтарға байланысты бұл шешімді күшін жойды.

Жомарт Ертаев 2020 жылы 144 млрд теңге ұрлағаны үшін 11 жылға сотталып, кейін жазасы 9 жылға дейін қысқартылған болатын.