Жаңалықтар

Олжас Бектенов үкімет отырысынан неге шығып кетті ?

Олжас Бектенов үкімет отырысынан неге шығып кетті ?

Үкімет отырысында күтпеген жағдай орын алды. Жиынның басында премьер-министр Олжас Бектенов жаңа ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың ант беру рәсімін өткізу үшін сөз берген болатын. Алайда дәл осы сәтте премьер-министрге телефон қоңырауы келіп, ол залдан шығып кетті, деп хабарлайды KazFace.kz

Сүлейменова Қазақстан халқы мен мемлекет басшысына ант беріп жатқан уақытта премьер-министрдің креслосы бос қалды. Қысқа үзілістен кейін отырысты премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жүргізуді жалғастырды. Біраз уақыт өткен соң Олжас Бектенов қайта оралып, өз орнын алды.

Қазіргі уақытта премьер-министрдің не себепті отырыс кезінде залдан шығып кеткені және оған кім қоңырау шалғаны белгісіз.