Жаңалықтар

Үш мегаполисте су тұтыну көлемі төмендеді

Үш мегаполисте су тұтыну көлемі төмендеді

Қазақстанның ірі қалалары – Астана, Алматы және Шымкентте бір тұрғынға шаққандағы су тұтыну көлемі азайған, деп хабарлайды KazFace.kz

Су ресурстары және ирригация министрлігінің дерегінше, бұл көрсеткіш 2025 жылы барлық үш мегаполисте төмендеу динамикасын көрсеткен.

Министрлік мұны тұрғындардың суды үнемдеуге деген жауапкершілігінің артуымен байланыстырады. Осы мақсатта ел бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, «Суды үнемде – болашақты сақта» жобасы аясында 3,3 миллионнан астам оқушы мен студент қамтылған.

Вице-министр Талғат Момышев жыл соңына дейін суды үнемдеу мәдениетін дамытуға бағытталған жаңа бастамалар іске асырылатынын айтты.