Жаңалықтар

Қазақстан тумасы Лондондағы сайлауда жеңіске жетті

Қазақстан тумасы Лондондағы сайлауда жеңіске жетті

Жұлдыз ОРАЗХАН

Ұлыбритания астанасында өткен жергілікті сайлауда отандасымыз Санжар (Сан) Әбішев тарихи жеңіске жетіп, Вестминстер қалалық кеңесінің мүшесі болып сайланды, деп хабарлайды KazFace.kz.

Сент-Джеймс округінен Консервативтік партия атынан қатысқан 33 жастағы отандасымыз сайлаушылардың басым дауысын иеленді. Ол өз бағдарламасында аудан қауіпсіздігін нығайту, көше тазалығы мен салық қаражатын тиімді жұмсау мәселелеріне баса назар аударған.

Санжар Әбішев Ұлыбританияда мектеп жасынан бері тұрады. Ол беделді білім беру орындарында оқып, қоғамдық-саяси қызметке белсенді араласып келеді. Бұған дейін Сент-Джеймс округіндегі консерваторлар ұйымының төрағасы қызметін атқарған.

Айта кетейік, Вестминстер қалалық кеңесі Лондондағы маңызды әкімшілік құрылымдардың бірі саналады.