Әлем жаңалықтары

Әзербайжан туына құрмет көрсеткен жасөспірімге алғыс білдірілді

Әзербайжан туына құрмет көрсеткен жасөспірімге алғыс білдірілді

Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті кезінде Әзербайжан Республикасының мемлекеттік туына ерекше құрмет көрсеткен жасөспірім Нұрсұлтан көпшіліктің ықыласына бөленді, деп хабарлайды KazFace.kz.

Оның бұл әрекеті әлеуметтік желілерде кеңінен тарап, бауырлас әзербайжан халқының жылы лебізіне ие болды.

Жасөспірімнің елдік рух пен достыққа негізделген тағылымды әрекеті көпшілік тарапынан жоғары бағаланып, үлгі ретінде айтылуда.

Осыған орай Түркістан облыстық «Қарабақ» Әзербайжан этномәдени бірлестігі төрайымы Рамиля Мустафаева арнайы келіп, Нұрсұлтанға алғыс хат табыстады.

Кездесу барысында ол жас өреннің бұл әрекеті екі ел арасындағы бауырластық қарым-қатынастың, өзара сыйластық пен құрметтің жарқын көрінісі екенін атап өтті.

«Нұрсұлтанның туға көрсеткен құрметі – тек бір сәттік әрекет емес, бұл тәрбиенің, отансүйгіштіктің және өзге халықтарға деген құрметтің белгісі. Әзербайжан халқы атынан шынайы алғысымызды білдіреміз», – деді Рамиля Мустафаева.

Желі қолданушылары да жасөспірімнің әрекетіне оң бағасын беріп, оған ізгі тілектерін жолдауда.