Жаңалықтар
21-го июля 2026 г. 13:48
Орал қаласында Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университетінің ректоры Нұрлан Серғалиевтің ұсталғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды KazFace.kz
Батыс Қазақстан облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі, заңгер Бауыржан Ахметжанның мәліметінше, ректор лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталған. Қазіргі уақытта оның жұмыс кабинетінде тінту жүргізілуде.
Алдын ала ақпарат бойынша, қылмыстық істі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі тергеп жатыр.
Әзірге құқық қорғау органдары бұл ақпаратқа қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.