Жаңалықтар

Астана мен Қосшыда халықаралық байқаушылар сайлау барысын бағалады

Астана мен Қосшыда халықаралық байқаушылар сайлау барысын бағалады

Қазақстанда өтіп жатқан Құрылтай сайлауын бақылауға Испания, Ресей, Литва, Албания және Грузиядан халықаралық байқаушылар мен сарапшылар келді, деп хабарлайды KazFace.kz

Шетелдік сарапшылар Астанадағы «Барыс Аренада» орналасқан №225, №493, №494 және Ақмола облысы, Қосшы қаласы, Тайтөбе ауылындағы №751 сайлау учаскелерінің жұмысымен танысты.

Байқаушылар дауыс беру процесінің ашықтығын, учаскелердің ұйымдастырылуын және азаматтарға өз таңдауын еркін жасауға жасалған жағдайларды оң бағалады.

Испаниялық байқаушы Альваро Эскалонилла Қазақстанға алғаш рет келгенін атап өтіп, сайлау учаскелерінде шетелдік БАҚ өкілдеріне де қажетті жағдай жасалғанын айтты.

Албаниялық сарапшы Редион Лули сайлау процесінің ашық әрі тыныш өтіп жатқанын атап өтті.

Тайтөбе ауылындағы №751 учаскеде халықаралық қонақтарға қазақтың ұлттық тағамдары – бауырсақ пен қымыз ұсынылып, ұлттық дәстүр мен қонақжайлық көрсетілді. Ресейлік журналист Игорь Елков учаскедегі ұйымдастыру деңгейі мен адами қарым-қатынасқа жоғары баға берді.

Халықаралық сарапшылардың пікірінше, бүгінгі сайлау Қазақстандағы саяси реформалардың маңызды кезеңдерінің бірі болып отыр.