Bloomberg: Қазақстан жаңа жаһандық экономиканың негізгі бенефициарларының бірі
АҚШ-тың беделді Bloomberg басылымы Қазақстан туралы аналитикалық мақала жариялап, елді жаңа әлемдік экономиканың маңызды бенефициарларының бірі деп бағалады, деп хабарлайды KazFace.kz.
Материалда Қазақстанның халықаралық тұрақсыздық жағдайында тұрақтылықты сақтап қана қоймай, Еуразиядағы маңызды логистикалық және технологиялық орталыққа айналып келе жатқаны айтылады.
Ерекше назар Астана қаласына аударылған. Қала соңғы жылдары заманауи мегаполиске айналып, елдің трансформациясының символы ретінде сипатталады.
Bloomberg Транскаспий халықаралық көлік бағыты – Орта дәліздің дамуын атап өтіп, Қазақстанның Қытай мен Еуропа арасындағы стратегиялық транзиттік хаб ретіндегі рөлін күшейткенін жазады.
Сонымен қатар, елдің цифрландыру деңгейі, жасанды интеллектке бағытталған бастамалары және Astana International Financial Centre сияқты қаржы институттарының дамуы инвесторлар үшін маңызды фактор ретінде көрсетілген.
Басылым қорытындысы бойынша, Қазақстан енді тек ресурстық экономика емес, технология, логистика және инновацияға сүйенген жаңа даму моделіне көшіп келе жатқан мемлекет ретінде қарастырылып отыр.