Билік

Құрылтай сайлауына 71 мыңнан астам сайлау комиссиясының мүшесі оқытылады

Құрылтай сайлауына 71 мыңнан астам сайлау комиссиясының мүшесі оқытылады

Қазақстанда Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық аясында 71 мыңнан астам сайлау комиссиясының мүшесі арнайы оқытудан өтеді, деп хабарлайды KazFace.kz

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, даярлық үш кезеңнен тұратын каскадтық модель бойынша ұйымдастырылады. Алдымен аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері оқытылып, кейін олар учаскелік комиссиялардың басшылық құрамын, ал соңғы кезеңде учаскелік комиссиялардың қалған мүшелерін даярлайды.

ОСК хатшысы Шавхат Өтемісовтің айтуынша, бұл тәсіл еліміздің барлық өңірінде сайлау заңнамасының бірыңғай қолданылуын және сайлау процесін ұйымдастырудың ортақ стандарттарын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сайлауға дайындық аясында бірыңғай оқу-әдістемелік кешен мен дауыс беру күніндегі жұмысты түсіндіретін оқыту фильмі әзірленуде. Сонымен қатар саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, үкіметтік емес ұйымдар және БАҚ өкілдері үшін де арнайы оқыту іс-шаралары өткізіледі.

Бағдарлама соңында барлық қатысушылар қашықтан тестілеуден өтіп, нәтижелі тапсырғандарға электрондық сертификат беріледі.