Әлем жаңалықтары

Токио әуежайында адамтәрізді роботтар іске қосылады

Токио әуежайында адамтәрізді роботтар іске қосылады

Балауса ЖАҚСЫБАЙ

2026 жылдың мамыр айында Japan Airlines Токиодағы Ханэда әуежайы аумағында жерүсті қызметіне арналған адамтәрізді роботтарды сынақтан өткізуді бастайды, деп хабарлайды KazFace.kz.

The Japan Times жазуынша, үш жылға жоспарланған жоба қызметкерлерге түсетін жүктемені азайтып, саладағы кадр тапшылығын шешуге бағытталған. Эксперимент аясында Қытайда өндірілген екі робот жүк контейнерлерін тасымалдап, жүк модульдерін бекітетін тетіктерді басқармақ.

Алдағы уақытта олардың мүмкіндіктерін кеңейтіп, толықтай автономды режимде жұмыс істеуге үйрету көзделіп отыр.

Қазіргі таңда компанияның жерүсті қызметінде шамамен 4 мың адам еңбек етеді. Роботтарды енгізу жұмыс тиімділігін арттырып, қызметкерлерге түсетін салмақты азайтуға мүмкіндік береді деп күтілуде.