Билік
Пресс-релиз

Қазақстанда мәдени инфрақұрылым қарқынды дамып келеді

Қазақстанда мәдени инфрақұрылым қарқынды дамып келеді

Қазақстанда  Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен мәдени инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жүйелі түрде жалғасып жатыр. Бүгінде елде 7 445 мәдениет ұйымы жұмыс істейді, салада 56 мыңнан астам маман еңбек етеді, деп хабарлайды KazFace.kz

 

Соңғы бес жылда 274 мәдениет нысаны пайдалануға беріліп, 1 293 нысанға жөндеу жүргізілді. 2026 жылы тағы 64 нысанның құрылысы жалғасып, 130 нысан жаңғыртылуда. Театр саласында Астана, Түркістан және Петропавл қалаларында жаңа театрлар салынса, Шымкент, Қызылорда және Семейде жаңа нысандар жоспарланған.
 

Музей және мәдени кеңістіктерді дамыту бағытында Астанада Өнер музейі ашылып, Түркістан мен Алматы облыстарында визит-орталықтар мен ашық аспан астындағы ұлттық парк жобалары іске асуда. Сонымен қатар Абай атындағы театр мен бірқатар ұлттық музейлер жаңғыртылды.

 

Мәдениет үйлерінің материалдық базасын нығайту жұмыстары да жалғасып, кадр даярлау бағытында жаңа оқу орындары мен жатақханалар салу, сондай-ақ Шымкентте Мәдениет және өнер университетін құру жобасы жүзеге асырылуда.