Жаңалықтар

ІІМ жаңа алаяқтық түрі туралы ескертті

ІІМ жаңа алаяқтық түрі туралы ескертті

Жұлдыз ОРАЗХАН

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі азаматтарды жаңа алаяқтық схемасынан сақ болуға шақырды, деп хабарлайды KazFace.kz.

Ведомствоның мәліметінше, алаяқтар құқық қорғау органдарының басшылары ретінде танысып, мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде жалған аккаунттар ашуда. Олар өздерін лауазымды тұлға, бұрынғы әріптес немесе таныс ретінде көрсетіп, түрлі сылтаулармен азаматтардан шұғыл түрде ақша аударуды немесе қарызға беруді сұрайды.

ІІМ азаматтарды мұндай хабарламаларға сенбеуге шақырады. Ведомствоның айтуынша, белгісіз адамдарға SMS-кодтарды, банк карталарының деректемелерін, құпиясөздерді және басқа да жеке мәліметтерді беруге болмайды.

Сондай-ақ күмәнді сілтемелерге өтпеу және белгісіз қосымшаларды орнатпау қажет екені ескертілді.

Егер осындай хабарлама келсе, ақпаратты міндетті түрде тексеріп, адаммен бұрыннан белгілі телефон нөмірі немесе ресми байланыс арналары арқылы қайта хабарласу ұсынылады.