Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігін басқарады — Kazface.kz
Жаңалықтар

Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігін басқарады

Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігін басқарады

Жұлдыз ОРАЗХАН

Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрайымы болып тағайындалды, деп хабарлайды KazFace.kz.

Ләззат Танысбай бұған дейін «Еуразия» телеарнасын басқарған. Әр жылдары «Астана» телеарнасы, «НҰР-Медиа» медиахолдингі және «Қазақстан» РТРК» АҚ-да басшылық қызметтер атқарған. Сондай-ақ байланыс және ақпарат министрлігінде қызмет еткен.

Танысбай еңбек жолының бір кезеңін «Хабар» агенттігінде өткізген. 1996 жылдан бастап агенттікте редактор-жүргізуші, кейін атқарушы продюсер болып жұмыс істеген.

Бұған дейін «Хабар» агенттігін Кемелбек Ойшыбаев 2023 жылдан бері басқарған.