Кішкентай Әміре Тоқаевты сағынып жылады
Балауса ЖАҚСЫБАЙ
Әміре есімді бүлдіршін алғаш рет LRT-ға мініп, Қасым-Жомарт Тоқаевқты көремін деп жылаған видеосы әлеуметтік желіде кең тарады, деп хабарлайды KazFace.kz.
Бейнежазбада Әміренің ерекше қуанышпен сапарға шыққаны көрінеді. Ол президентпен кездесемін деген үмітпен жол бойы толқып отырған. Алайда пойыз сапары аяқталып, көптен күткен кездесу болмаған соң, кішкентай бала көңілі түсіп, жылап қалған.
“Қасым-Жомарт Тоқаевқа апар, оның бетінен сүйемін, сағындым”, - деп жылады.
Желі қолданушылары баланың аңғал көңілі мен шынайы сезіміне сүйсініп, жылы пікірлерін жаудырды. Көпшілік «Тоқаевты сағындым» деп жылаған Әміренің әрекетін шынайы патриоттық сезімнің көрінісі деп бағалауда.
Видео қысқа уақыт ішінде кең тарап, жұрттың жүрегін елжіретті.