Қоғам

Астанада маңызды жол қиылысы уақытша жабылады

Астанада маңызды жол қиылысы уақытша жабылады

Жұлдыз ОРАЗХАН

Астанада Мәңгілік Ел даңғылы мен Д. Қонаев көшесінің қиылысы жабылады, деп хабарлайды KazFace.kz.

Елордалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Мәңгілік Ел даңғылы мен Д. Қонаев көшесінің қиылысында жол төсемін жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осыған байланысты 11 және 12 шілдеде бұл учаске ішінара жабылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлау және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеру сұралады.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен нұсқағыштар орнатылады.