ҚТЖ 1 млрд теңгелік төлемге қатысты түсініктеме берді
Жұлдыз ОРАЗХАН
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы топ-менеджерлерге төленген 1 миллиард теңгеден астам сыйақыға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды KazFace.kz.
ҚТЖ басшысы Талғат Алдыбергеновтің айтуынша, төлемдер компанияның қаржылық нәтижесіне байланысты есептелген.
««Самұрық-Қазына» қорының корпоративтік басқару кодексіне сәйкес, компания мен атқарушы органның қызметіне директорлар кеңесі баға береді. Сыйақылар таза пайда болған жағдайда ғана төленеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша ҚТЖ таза пайданы 2,1 есеге арттырып, 340 миллиард теңгеге жеткізді», – деді ол.
Компания мәліметінше, жарияланған сомаға тек жалақы емес, директорлар кеңесіне берілетін төлемдер, салық, демалыс ақысы және өзге де үстемақылар кіреді. Жалпы қаражат 19 топ-менеджер арасында бөлінген.
Сонымен қатар, Алдыбергенов бұл шешім бірнеше тексерістен өтетінін айтты.
«Шешімді директорлар кеңесі қабылдайды. Сонымен қатар ол ішкі аудит қызметі, комплаенс қызметі және қор тарапынан үш мәрте тексерістен өтеді», – деп қосты ол.
Желі қолданушылары ұлттық компанияның қарызы туралы мәселені де көтерді. Бұған жауап берген ҚТЖ басшысы билет бағасының өсуін инфляциямен байланыстырды.