Жаңалықтар
22-го июня 2026 г. 17:26
Жұлдыз ОРАЗХАН
Астанада құрылыс компаниясының басшысынан 80 миллион теңге бопсалады деген күдікпен екі адам ұсталды, деп хабарлайды KazFace.kz.
Полиция мәліметінше, күдіктілер екі апта бойы кәсіпкерге қысым көрсетіп, әлеуметтік желілерде оның іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпарат таратамыз деп қорқытқан. Осылайша талап етілген қаражат көлемі 80 миллион теңгеге дейін жеткен.
Жәбірленуші тарап құқық қорғау органдарына жүгінгеннен кейін жедел іс-шаралар жүргізіліп, күдіктілер ақша беру кезінде қолға түсті. Тергеу барысында олардың біреуі адвокат екені анықталды.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.