Жаңалықтар
Пресс-релиз

Президент Іс басқармасы Медициналық орталығы JCI талаптарына сәйкестігін растады

Президент Іс басқармасы Медициналық орталығы JCI талаптарына сәйкестігін растады

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы ауруханасы инспекциялық аудиттен сәтті өтіп, Joint Commission International (JCI) халықаралық сапа стандарттарына толық сәйкес келетінін тағы да растады, деп хабарлайды KazFace.kz.

Аудит мекеменің жаңа көпсалалы стационары мен амбулаториялық-емханалық корпусының іске қосылуына байланысты кеңейтілген инфрақұрылым негізінде жүргізілді.

JCI аккредитациясы медициналық қызмет сапасының әлемдік деңгейдегі негізгі стандарты болып саналады және пациент қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жоғары көрсеткіші ретінде бағаланады.

Аталған мәртебе мекеменің сапалы медициналық қызмет көрсету, қауіпсіздік стандарттарын сақтау және инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жүйелі жұмысының нәтижесін көрсетеді.