Қазақстанда тазы мен төбет күні енгізілді
Жұлдыз ОРАЗХАН
Қазақстанда үкімет қаулысына сәйкес Қазақы тазы мен төбет күні атты жаңа мереке ресми түрде бекітілді, деп хабарлайды KazFace.kz.
Жаңа мереке жыл сайын 3 қыркүйекте өтеді. Қаулы сәуір айының соңында күшіне енеді.
Бұл күннің басты мақсаты: қазақтың ұлттық ит тұқымдары саналатын тазы мен төбетті дәріптеу, олардың тарихи маңызын насихаттау. Бұл тұқымдар ғасырлар бойы қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде ерекше рөл атқарған. Тазы - аңшылықта қолданылса, төбет - мал мен үйді қорғаған.
Соңғы жылдары бұл ит тұқымдарын сақтау және көбейту мәселесіне ерекше көңіл бөлініп келеді. Мамандар оларды ұлттық мұра ретінде қорғау маңызды екенін атап өтуде.
Жаңа мерекенің енгізілуі қазақтың дәстүрі мен мәдени құндылықтарын жаңғыртуға бағытталған маңызды қадам.