Спорт әлемі

Қазақстан құрамасы бокстан Әлем кубогын 7 медальмен аяқтады

Қазақстан құрамасы бокстан Әлем кубогын 7 медальмен аяқтады

Бразилияда World Boxing Әлем кубогы бірінші кезеңінде Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетіп, жалпы 7 медаль жеңіп алды. Былғары қолғап шеберлері қоржынға 3 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль салды, деп хабарлайды KazFace.kz.

Алтын медаль иегерлері қатарында Сұлтанбек Айбаров (85 кг), Виктория Графеева (60 кг) және Валерия Аксенова (+80 кг) бар.

Күміс жүлдені Аида Әбікеева (65 кг) иеленді.

Ал қола медальдар Алуа Балқыбекова (51 кг), Жібек Жарасқызы (Kazakh boxer 80 kg) және Диас Молжігітов (80 кг) еншісінде.

Айта кетейік, Әлем кубогының келесі кезеңдері Гуйян қаласында 15–20 маусым аралығында және Ташкент қаласында 25 қараша мен 2 желтоқсан аралығында өтеді.