Мәдени айнасы
19-го апреля 2026 г. 23:12
Жұлдыз ОРАЗХАН
Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов дүниеден озды, деп хабарлайды KazFace.kz.
Ол қазақ руханиятына өлшеусіз үлес қосып, ұлттық құндылықтарды насихаттауда ерекше орны бар тұлға ретінде танылды.
Мұхтар Шаханов поэзиясы арқылы елдің тағдыры, тіл мен діл мәселелері, адамгершілік құндылықтар кеңінен көрініс тапты. Оның шығармалары бірнеше буынның рухани қалыптасуына ықпал етті.
Қоғам қайраткері ретінде де ол ұлт мүддесін қорғауда белсенді болды. Қазақ тілінің мәртебесі мен тарихи әділеттілік жолында батыл пікірлер айтып, ел жадында қалды.
Ақынның жарқын бейнесі мен мұрасы халық жадында мәңгі сақталады.