Актөбе облысында мектеп оқушысының жүкі екенін кеш білген
Актөбе облысында дәрігерлердің бірнеше рет тексеруіне қарамастан, жағдайы байқалмаған жүкті оқушы қызға байланысты үлкен тексеріс жүргізілді. Өңірдің денсаулық сақтау басқармасы қазан айында іске қатысты қызметтік тергеуді бастаған еді, деп хабарлайды KazFace.kz
Облыс әкімі Асхат Шахаров есеп беру кездесуінде бұл мәселеге қатысты тікелей сұраққа жауап берді.
«Факт бар. Біздің тарапымыздан комиссия құрылды, тексерулер жүргізуі тиіс болған және жүктіліктің ерте кезеңінде анықтай алмаған қызметкерлер дереу жұмыстан отстатылды. Аудандық білім бөліміне дейінгі бірқатар қызметкерлер жауапқа тартылды, бөлім басшысы да қызметінен босатылды», — деді әкім.
Оның айтуынша, күдіктілерге қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу мен қажетті сараптамалар жүргізілуде.
«Тергеу аяқталған соң, оның нәтижесі қоғамға жеткізіледі. Менің өзіме тергеу барысына араласуға құқығым жоқ», — деп атап өтті өңір басшысы.
Айта кетейік, 13 қазанда облыстағы мектептердің бірінде 9-сынып оқушысы сәбиін дүниеге әкелді. Уил ауданындағы мектепте оқитын қыз толық емес отбасында тұрады. Дәрігерлер мен жауапты мамандар оның жүктілігін үш рет тексергенімен, ешқандай белгі анықтай алмаған.