Ақмолалық спортшы Қытайда шаңғы жарысынан жеңіске жетті
Ақмола облысының тумасы Анна Мельник Worldloppet халықаралық сериясына кіретін Vasaloppet China марафоны аясында өткен 25 шақырымдық шаңғы жарысында жеңіске жетті, деп хабарлайды KazFace.kz.
Жарыс 2026 жылғы 4 қаңтарда Қытайдың Чанчунь қаласында өтті. Анна Мельник – Ақмола облысы Бурабай ауданы, Щучинск қаласының тумасы. Ол шаңғы жарысынан Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ұлттық құрама командасының мүшесі, ел чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы әрі жүлдегері.
Спортшы бұған дейін жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысып, FIS жарыстары мен Азия кубогының кезеңдерінде бірнеше мәрте жеңіске жеткен. Сондай-ақ ҚР Спартакиадасында да жүлделі орындардан көрінді. Анна Мельниктің халықаралық аренадағы кезекті жеңісі отандық спорт үшін зор жетістік болып саналады.