Мәдени айнасы

Қазақстандық жазушылардың топ-5 кітабы

Қазақстандық жазушылардың топ-5 кітабы

Қазақстан әдебиеті өзінің алуан түрлілігімен және тереңдігімен таң қалдырады. Ол мәдени мұраны жаңа тенденциялармен байланыстыратын елдің ежелгі дәстүрлерін де, қазіргі шындықтарын да бейнелейді. Осы бірегей әлемге ену үшін сіздердің назарларыңызға ерекше назар аударуға лайық қазақстандық жазушылардың бес кітабын ұсынамыз.

«Көшпенділер» – Ілияс Есенберлиннің үш кітаптан тұратын тарихи эпопеясы. Бұл шығарма – қазақ сөз өнерінің әлемдік нұсқасына қосылған тарихты көркемдік пайымдаудың үздік үлгілерінің бірі, партиялық идеологияның қылышынан қан тамып тұрған уақытта дүниеге келген шығарма. Трилогия «Алмас қылыш», «Жанталас», «Қаһар» деген бөлімдерден тұрады. «Көшпенділер» трилогиясында бес ғасырлық оқиға, яғни XV–XIX ғасыр аралығындағы Қазақ хандығының кезеңі суреттеледі. Шығарма кейіпкерлері, негізінен, тарихи тұлғалар, Шыңғыс хан дәуірінен басталып, Кенесарымен аяқталатын қазақ мемлекетінің бастау көзі мен қиын-қыстау тағдыр-талайының басында тұрған хандар тізбегі, ел мұңы мен арман-тілегінің хабаршысы – ақын-жыраулар, ел мен жер үшін, ұрпақ болашағы үшін жан аямай шайқасып, Отанын қорғай білген батырлар. Бұлар ел есінде аттары жатталып, тарихта қалған, өмірде болған тұлғалар.

«Қорғансыздың күні» Мұхтар Әуезовтің алғашқы жарық көрген әңгімесі. Шағын шығармада қоғам бойын жайлаған дерттің бір көрінісі зор көркемдік қуатпен ашылған. Мұнда Ғазиза деген панасыз жетім қыздың адам айтқысыз озбырлық, қорлықка шыдамай, боранда үсіп өлгені айтылған. Бұл шығармада Ақан сияқты қара ниет ауыл әкімінің тағылық қылықтары әшкереленеді. «Қорғансыздын күні» өзінің көркемдік бітімі жағынан қазақ әдебиетіне жаңа өрнек енгізді. «Қорғансыздың күні» атты алғашқы әңгімесімен Мұхтар шын мағынасындағы европалық прозаның дәрежесіне көтерілді.

«Жәмилә» – Шыңғыс Айтматовтың Мәскеудегі әдебиет институтында оқып жүргенде жазған повесі. Повесть Жәмилә мен Даниярдың арасындағы аяулы сезімді суреттейді. Екінші дүниежүзілік соғыс кезі. Жәмиләнің күйеуі Садық майданға кетеді. Ал өзі соғыс кезіндегі барлық қазақ-қырғыз әйелі сияқты колхоздың жұмысына жегіледі. 15 жастағы қайнысы Сейіт көмекшісі болады. Сөйтіп жүргенде соғыста жараланып, ауылға қайтқан Данияр Жәмилә мен Сейітке көмекші боп келеді. Жәмилә мен Даниярдың жол үстіндегі әзіл-қалжыңы салмақты әңгімеге ауысады. Уақыт өте келе бір-бірін жақсы көріп қалған екеу ауылдан қашып кетуге мәжбүр болады. Екі жастың қалауын түсінген жалғыз жан – Сейіт. Оқиға да Сейіттің аузымен баяндалады. 

Айтматов, қырғыз болса да, Қазақстан әдебиетіне айтарлықтай әсер етті. Оның еңбектері қазақ мәдениетімен үндес философиялық ойлар мен терең адами тәжірибелерге толы.

Әбіш Кекілбаевтың “Шыңырау” повесі. "Шығарма" – ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамында қалыптасқан әлеуметтік проблемаларды қозғайды. Шыңырау повесі арқылы автор Еңсеп есімді құдықшының өмірін, сондай-ақ күнделікті өмірде жиі кездесетін қиындықтар туралы, атап айтсақ, бақталастық, менмендік, махаббат, достық пен сатқындық туралы баяндайды.

"Оян, қазақ!"- бұл 1911 жылы жарық көрген Міржақып Дулатуовтың шығармасы. Бұл кітапта ХХ ғасырдың басындағы жетекші қазақ жазушылары мен қоғам қайраткерлерінің бірі Дулатов қазақ халқына білім, ағарту және саяси белсенділіктің маңыздылығын оятуға және түсінуге шақырады. "Оян, қазақ!"сол кездегі Қазақ әдебиеті мен қоғамдық-саяси ойының дамуына айтарлықтай әсер етіп, дәуірдің маңызды құжаты және ұлттық жаңғыруға деген ұмтылыстың символына айналды.

Бұл кітаптар сізге Қазақстанның мәдениеті мен салт-дәстүрлерін жақсы түсініп қана қоймай, қазақ прозасы мен поэзиясының байлығынан ләззат алуға көмектеседі.