Онлайн алынатын тауарларды декларациялау міндет

Қазақстан азаматтары шетелдік интернет-дүкендерден сатып алған тауарларын міндетті түрде декларациялауы мүмкін. Бұл туралы мәжіліс отырысында Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды KazFace.kz.
Министрдің айтуынша, үшінші елдерден (Кеден одағына кірмейтін мемлекеттерден) жеке тұлғаларға халықаралық пошта арқылы келетін тауарлар енді "электрондық сауда тауарлары" деп жеке санатқа енгізіледі.
Сонымен қатар, "электрондық сауда операторы" және жаңа "электрондық сауда декларациясы" ұғымдары енгізіледі. Бұл барлық шетелдік интернет-алаңдардан сатып алынған тауарларды кедендік декларациялауды көздейді. Қазіргі таңда тек 200 еуро немесе 31 келіден асатын тауарлар ғана декларацияланады.
Салық салу тәртібі де өзгереді. Болашақта қосылған құн салығы (ҚҚС) сатушыдан сатып алушы елі заңнамасына сай кез келген көлемдегі сауда үшін алынатын болады. Ал 200 еуро шегінен асқан жағдайда, 5% көлемінде импорттық кедендік баж салығы салынады. Қазіргі ереже бойынша, бұл шектен асқан сомаға 15% кедендік төлем алынады.
Жаңа ережелерге сәйкес, электрондық сауда операторы логистика, кеденмен байланыс және сақтау процестерін қамтамасыз ететін болады.
Айта кетейік, мәжіліс ЕАЭО Кеден кодексіне өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау жөніндегі заң жобасын мақұлдады.