Спорт әлемі
23-го июня 2025 г. 15:58
Германияның Галле қаласында өткен беделді ATP 500 Terra Wortmann Open турнирінің финалында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Ресейдің үздік теннисшісі Даниил Медведевті жеңіп, чемпион атанды, деп хабарлайды KazFace.kz.
Бұл кездесу Бублик пен Медведев арасындағы жетінші матч болды. Бұған дейінгі алты кездесудің барлығында ресейлік спортшы жеңіске жеткен болатын. Алайда бұл жолы Бублик тамаша ойын көрсетіп, қарсыласын 6:3, 7:6 (7:4) есебімен тізе бүктірді.
Осылайша, Александр Бублик 2025 жылғы алғашқы титулын жеңіп алды, бұл оның ATP турнирлеріндегі бесінші жеңісі болып тіркелді.