Балқаш қаласында балалардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында ауладағы ойын алаңдарына бейнекамералар орнатыла бастады, деп хабарлайды KazFace.kz.
Жоба алғаш рет қолға алынып отыр. Қазірдің өзінде төрт аумаққа камера қойылды, болашақта 44 алаңды қамту жоспарланған.
Игілікті бастаманы «Балқаш универсал» ЖШС қолға алған. Кәсіпорын директоры Олжас Сармантаевтың айтуынша, бұл тұрғындардан түскен өтініштер негізінде жүзеге асырылып отыр.
Бейнебақылау жүйесі арқылы тәртіп пен тазалықты сақтау, бұзақылықтың алдын алу мүмкін болады. Әр алаңға жауапты тұлға тағайындалып, мобильді қосымша арқылы камераны бақылай алады.
Қала билігі барлық ПИК-пен бірлесіп, бейнекамераларды орнатуды жалғастырмақ.