Хит әндердің сөзінде мән болу керек пе?
Балауса ЖАҚСЫБАЙ
Әншінің “Жүрек” атты әні көптің жүрегіне жетіп, ойып тұрып орын алды. Тіпті әлеуметтік желілерде 5 млрд рет тыңдалған. Оның хит туындысы әлемнің 67 мемлекетінде тыңдалған. Алайда, миллиондаған тыңдарманға ұнаған әнді тіл мамандары сынауда. Олар әннің сөзі ұйқас, мағына жағынан жұрдай деген пікір білдірді, деп хабарлайды Kazface.kz.
Adam лақапатымен танылған әншінің шын есімі - Фарух Тохамуратов. Ол Жамбыл облысы Меркі ауылында дүниеге келген. Ұлты өзбек болғанымен әншінің ата-бабасы байырғы қазақстандықтар болғандықтан, ол өзін қазақ санайды. Әнші өнер жолына 4 жасында қадам басқанымен, музыкалық білімі жоқ. Фарух Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университетін Мұнай инженериясы мамандығы бойынша тәмамдаған.
Ал, енді аз уақытта хит болған әннің сөзіне келетін болсақ, тіл маманы Қарлығаш Дюсупбаеваның пікірінше әнде ұйқастық заңдылығы сақталмаған. Келер ұрпаққа мән мағынасы жоқ әндер жетпесе екен деген ойымен өзінің фейсбук парақшасында бөлісті.
“Бұл әннің сөзінде ұйқастар сәтсіз шыққандай. Сондай-ақ өлең де буын саны да маңызды. Сол үшін өлеңдерде кейбір қосымша морфемалар нөлдік формада тұрып грамматикалық мағына береді. Қазіргі әндердің сөзі көбінде 7 -8 буынды келеді. Ол буын саны да сақталмай жатады. Буын жағынан да кемшін тұстары бар шығар. Мен өлеңге сарапшы емеспін. Жай тіл маманымын. Абай атамыз айтқандай:”теп тегіс, жұмыр келсін айналасы”болмай қалған ғой. Болашақта әннің сөзіне мән беру керек”, - деді маман.
Айта кету керек , хит болған әнді Азия, Европа тіпті Оңтүстік Америка тыңдайды. «Жүрек» әні Shazam әлемдік рейтингісінде 13 орынға шыққан. YouTube каналындағы клипі 52 млн көрілім жинаған. Тіпті TikТок әлеуметтік желісінде вирусқа айналды. Ән сүйер қауым түрлі каверлер жаза бастаған.