Билік
31-го октября 2026 г. 13:18
Президент өзінің Twitter-дегі парақшасында «Халықтық құрылыс» бағдарламасын жүзеге асыру барысында бюджет қаражатының жұмсалуын бақылайтын мемлекеттік комиссия құру қажеттігін жазды, деп хабарлайды KazFace.kz
Комиссия құрамына Қазақстан Халық кеңесінің мүшелері, депутаттармен қатар қоғам қайраткерлері, белсенділер, волонтерлер мен журналистерді енгізу ұсынылып отыр.
Аталған бағдарлама 28 қазандағы Қазақстан халқына жолдауында жарияланған болатын. Ол өңірлерде маңызды инфрақұрылымдық нысандар салуды көздейді. Жоспарға сәйкес, шамамен 70 денсаулық сақтау нысаны, сондай-ақ білім беру, спорт және мәдениет салаларында 50-ге жуық нысан бой көтереді. Сонымен қатар елді мекендерге газ және таза ауызсу жеткізу жұмыстары жүргізіледі.