Спорт әлемі
7-го октября 2026 г. 15:48
Жұлдыз ОРАЗХАН
Халықаралық гроссмейстер Алдияр Ансат ерлер арасында рапидтен Қазақстан чемпионы атанды, деп хабарлайды KazFace.kz.
Жылдам шахматтан ел біріншілігі Қарағанды қаласында өтті. Турнирге 64 шахматшы қатысып, жарыс тоғыз турдан тұратын швейцариялық жүйе бойынша ұйымдастырылды. Алдияр Ансат тоғыз партияның қорытындысы бойынша 7 ұпай жинап, бірінші орын иеленді.
Алдияр Ансат Қазақстанның ерлер құрамасы сапында халықаралық жарыстарда өнер көрсетіп жүр. Ол 2023 жылы 15 жасында ерлер арасындағы Қазақстан чемпионатында жеңіске жеткен.
Шахматшы бұған дейін де халықаралық және құрлықтық деңгейдегі жарыстарда жүлделі орындарға ие болған.