Елордада Astana Media Week 2026 басталды
Жұлдыз ОРАЗХАН
Бүгін Астанада Astana Media Week 2026 халықаралық медиафорумы басталды, деп хабарлайды KazFace.kz.
Бейбітшілік және келісім сарайында өтіп жатқан шараға отандық және шетелдік журналистер, медиаменеджерлер мен сарапшылар жиналды.
Биылғы мерейтойлық форумның негізгі тақырыбы - «MEDIA. HUMAN. AI: 10 жылдық трансформация. Сенімнің жаңа архитектурасы».
Медиаапталық аясында жасанды интеллектіні жауапкершілікпен пайдалану, ақпараттың шынайылығын сақтау, жастардың цифрлық қауіпсіздігі, Орталық Азиядағы ағылшынтілді медианың дамуы және көптілді хабар таратудың жаңа мүмкіндіктері талқыланады.
Алғашқы күнгі пленарлық сессияға Қазақстанның мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов, Meta өкілі Филип Чуа, Q.AI бас директоры Дмитрий Мун, Euronews өкілдері және басқа да халықаралық сарапшылар қатысты.
Форум 16 қазанға дейін жалғасады.