Қоғам

Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасын реттеу тәртібі өзгереді

Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасын реттеу тәртібі өзгереді

Жұлдыз ОРАЗХАН

Қазақстанда дәрі-дәрмектің шекті бағасын белгілеу тәртібі өзгереді, деп хабарлайды KazFace.kz.

Енді оны денсаулық сақтау министрлігі дербес бекітеді.

Тиісті өзгерістер 2026 жылғы қыркүйекте «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске енгізіледі. Осыған байланысты бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі дәрі-дәрмек бағасын бірлесіп реттеуші қызметін тоқтатады.

Агенттік бұл бағытта 2020 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы уақыт аралығында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың шекті бағасын бекітуге қатысты 38 бұйрық жобасы келісілген.

Ведомство мәліметінше, баға белгілеу тетігі қайта қаралғаннан кейін дәрі-дәрмектің 76%-ының шекті бағасы орта есеппен 26,5%-ға төмендеген. Кейбір препараттардың бағасы 90%-дан астам арзандаған.

Сонымен қатар дәріханалардағы сауда үстемесі 2022 жылғы 55%-дан биыл 30%-ға дейін қысқарды. Қазір 4 994 дәрілік заттың бағасы мемлекеттік реттеуге жатады.

2027 жылы коммерциялық сегменттегі дәрі-дәрмек бағасын мемлекеттік реттеуді тоқтату жоспарланып отыр. Бағаны мемлекеттік реттеу ТМККК және МӘМС аясында берілетін дәрілерге ғана сақталады.